Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандықтар алғаш рет карантинге қарсы сотқа арыз түсірді

Қазақстандықтар алғаш рет карантинге қарсы сотқа арыз түсірді

Қазақстандықтар алғаш рет карантинге қарсы сотқа арыз түсірді
ашық дереккөзі

Демалыс күндеріне наразы болған алматылықтар шектеу шараларын алып тастауды ұсынып, сотқа шағымданды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

карантин жоқ Бұл туралы адвокат Жангелді Сүлейманов Facebook-тегі парақшасында жазды. Айтуынша, 100-ден астам қала тұрғыны одан көмек сұрап келіпті. Олар Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына қарсы шығып, карантинді тоқтатуды талап еткен.
"Бұл қазақстандықтардың сотқа жүгініп, карантинді алу туралы бірінші рет шағымдануы. Заң бойынша, егер біреу белгілі бір талаптарға қарсы шықса, сот шешімі шығарылғанша, бұл ережелерге тыйым салынуы керек. Мен 18 маусым күні сағат 21:08-де арыз түсірдім. Сондықтан осы уақыттан бастап карантин тоқтатылуы қажет еді", - деп жазыпты заңгер. Ол шағымданушы арыз түсірген күннен бастап, мемлекеттік органның шешімін, сот пен санитарлық дәрігерлердің келісімінсіз алып тастауға болатынын алға тартты. Бұған тек шағымның сотқа түскені жеткілікті екен. Сөзінше, карантин шараларын заң бойынша оңай алып тастауға болатыны шектеудің заңсыз екенін көрсетеді. "Қазіргі карантин шенеуніктердің халыққа жаны ашымайтындығы мен жауапсыздығын көрсетеді. Біз сотта карантиннің заңсыздығын дәлелдейміз", - деп жазыпты Жангелді Сүлейманов. Өзінің Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында адвокат алматылықтар құқықтарының бұзылғанын айтып арызданғанын айтыпты. Алматылықтар осылайша, алдағы уақытта карантиннің қатаңдауына байланысты отбасы мүшелері мен өздерін табыстан айырылып қалмау үшін жағдай жасағылары келеді. Бұған қоса олар: карантиннің күшейтілмеуін; егер 2020 жылдың күзінде болжам бойынша, коронавирустың екінші-үшінші толқыны келсе, биліктегілер тұрғындарды қайта үйлеріне қамамауды; осы уақытта жұмыс істеп, ақша тауып, қалада емін-еркін жүріп, балаларға мектепке немесе балабақшаға баруға шектеу қоймай, ел жүргісі келетін орындар, атап айтсақ, кинотеатрлар, театрлар, барлар, мейрамханалар, бассейндер, аквапарктер, концерт залдары, табиғатқа, Медеу, Шымбұлақ, шипажайлар мен демалыс орындарына т.б. қоғамдық жерлерге баруға тыйым салмауды талап етуде. "Біз карантинге қарсы емеспіз. Біз заңсыз, ақылға қонбайтын шараларға қарсымыз. Карантин адами құндылықтарға негізделуі қажет. Шектеулер барлығына бірдей жүруі қажет", - дейді адвокат. Алматы қалалық соты арыздың шынымен түскенін растапты. Заң бойынша, судья бұл істі процессуалдық сотқа қабылдау не қабылдау туралы шешімді бес күн ішінде шығаруы керек. Айта кетейік, бұған дейін үкімет Қазақстанның бірқатар өңірлерінде демалыс күндері карантин жариялаған болатын.