Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мектептердегі тамақтану қағидасы өзгереді

Мектептердегі тамақтану қағидасы өзгереді

Мектептердегі тамақтану қағидасы өзгереді
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрлігі балаларды тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электрондық форматына көшірді. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бұл қадам – конкурстың  айқындылығын арттырып, құжаттар санын қысқартып, жеткізушілерге өтінім  толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдейі. Сондай-ақ, қаржылық бақылау органдары жедел электрондық бақылауды жүзеге асыра алады.

Конкурсқа қатысушылардың бірі конкурстық комиссияның әрекетіне шағым түсірген жағдайда, конкурсты жою, өнім берушімен шартты бұзу және уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жеңімпазбен шарт жасасу рәсімін тоқтата тұру бойынша нормалар енгізілді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен органдарға, қызметтерді, тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Мектептерде тамақтануды ұйымдастыру туралы ата-аналарды хабардар ету үшін білім беру органдары мен ұйымдарының сайтында "Мектептік тамақтандыру" айдары, сондай-ақ "Күнделік" жүйесінде ас мәзірі, тағамдардың фотосуреті, бракераж комиссияларының және ведомствоаралық сараптама топтарының актілері қоса беріледі.

Қалалық мектеп асханаларының ас блоктарында бейнебақылау жүйесі орнатылады. Сондай-ақ ата-аналар балалардың тамақтануын бақылауда ұстауы үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі енгізіледі.

Білім алушыларға жедел және сапалы қызмет көрсету мәселелерін шешу негізінде оқушылардыңсанына байланысты аспазшылар мен ас блоктары қызметкерлерінің санына қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы, егер мектепте 1501-ден 2500-ге дейін білім алушы болса, онда өнім беруші кемінде 3 аспазшы мен 5 ас үй жұмысшысы қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

Өнім беруші конкурсты өткізу кезеңінде ай сайын пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын, ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамын мәлімдеп, растайтын болады.