Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларға қатігездік танытқан

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларға қатігездік танытқан

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларға қатігездік танытқан
ашық дереккөзі
Алматыдағы мектепке дейінгі бір мекемеде бүлдіршіндердің құлағынан ұстап сүйреген тәрбиешінің видеосы желіні шулатып жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан тәртіпке бағынбаған балаларды ары да, бері де сүйреген әйелді көруге болады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Бұрышқа барғысы келмей, құлап қалған тағы бір баланы жұлқылап, әудем жерге сүйреп апарып тастаған. Ал видеодан кешірім сұрап жатқан тәрбиешінің даусы естіледі. Яғни, бар былық белгілі болған соң, ата-аналар мәселенің мән-жайын анықтауға директордың кабинетіне келсе керек. "Апай, бір жолға кешірім беріңізші маған. Пожалуйста, апай! Әйелсіз ғой, түсініңізші мені! Келесіде қайталанбайды, маған сабақ болады бұл". ҚУАНДЫҚ ЕШМЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: "Мән жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Балабақшаның басшысынан бастап, барлық қызметкеріне аталған факт бойынша заңға сәйкес шара қолданылады. Видеодағы дауыстардың кімге тиесілі екені әлі нақтыланады. Бірақ заң алдында бәрі бірдей. Тексеріс аяқталған соң қосымша мағлұмат береміз".  https://www.youtube.com/watch?v=GhY65QTphoY