Өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер төрт қабырғаға қамалып отыр

Өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер төрт қабырғаға қамалып отыр

ашық дереккөзі

Алматыда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топтағы мүгедектер демалыс дегенді ұмытқан. Жыл басынан бері олардың жеке көмекшілеріне сенбі-жексенбі және мереке күндеріне бір тиын да төленбеген. Сондықтан ел қатарлы көшегі шығудың орнына үйлерінде отыруларына тура келеді. Өйткені республикалық бюжеттің 20 пайызын беріп отырған, еліміздің ең алып шаһарында оған қаржы қарастырылмапты. Өз құқықтарын даулаған қамкөңіл жандар соттан әділдік іздеуде. Ал қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар сотқа берсе де ақша төлемейміз деп отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Айгүл Мырзақұлованың 1992 жылы бүйрегі сыр берген. Содан гемодиализ апаратына таңылыпты. 2017 жылы дәрігерлер бір аяғына ампутация жасаған. Ал биыл ақпан айында екінші аяғын кесуге тура келген. Өздігінен бір жаққа бармақ түгілі арбасына түсіп шыға алмайтын келіншек енді мерекелерді де ұмыта бастаған. АЙГҮЛ МЫРЗАҚҰЛОВА, БІРІНШІ ТОП МҮГЕДЕГІ: "Менің әпкем 24 сағат қасымда. Мен әпкемсіз ештеме жасай алмаймын. Сондықтан АКТ бойынша сенбі, жексенбі және мейрам күндері ақы төленбейді". Келісім-шартқа сай кембағал жандардың көмекшілері тұрғылықты жерінен өзі бет алған мекемеге барып келуіне көмектесуі тиіс. Атап айтқанда жұмыс орны, оқуы, құзырлы органдар мен қызмет көрсету тағы басқа нысандары кіреді. Заң бойынша күніне 8 сағаттан аспауы тиіс. Жаңа талапқа сәйкес барған, тұрған жерлерін жазып, сызып көрсетулері тиіс. ВЛАДИМИР ШАРЫЙ, БІРІНШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК: "Мүмкіндігім шектеулі болғанымен менің де демалыс, мереке күндері түрлі шараларды барып көргім келеді. Бірақ, ақысы төленбейтіндіктен көмекшім көп жағдайда келісе бермейді. Себебі, ақша төленбейді. Салдарынан мереке күндері барлық қалалықтар алағда қыдырып жүреді, біз сыртқа шығуға мүмкіндік жоқ". Кемтар жандар өздеріне мемллекет тарапына бөлінген қаржының толық көлемде жетіп жатқанына күмәнмен қарайды. Себебі... ШӘДЕН КӘРІБАЕВ, БІРІНШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК: "Мүгедектерге бөлінетін ноутбуктардың бөлшек бағасы 65 мың теңге. Оларды көтерме бағамен алатындықтан одан да арзанға түсуі тиіс қой. Бірақ, әлеуметтік әл-ауқат басқармасы 650-750 мың теңгеден сатып алады. Яғни, 10 есе қымбатқа түседі". Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының талабымен келіспеген қамкөңіл жандар сотқа жүгінген. Себебі, еліміздің кей аймақтаныда 80 мың теңге қарастырылыпты. Ал басқарма өкілдері көмекшілерге ақы көрсетілген қызметіне қарай төленетінін айтады. Бір сағатқа 358 теңге, айына 58 мың. Қызмет көрсету 8 сағаттан аспауы керек. Ал мереке күндері көшеге шыққысы келсе өзге күні үйде отыруы тиіс дейді. АМАНАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ , ҚАЛАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: "Демалыс, мереке күндеріне ақы төлеу жеке көмекшімен жасалатын келісім-шартта көрсетілуі тиіс. Бірақ, 31 мамырдан бастап Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының соңғы өзгерісі күшіне енді. Онда мүндай пункт қарастырылмаған. Сондықтан мереке мен демалыс күндеріне қаржы төлей алмаймыз". Алматы қаласында 40 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан болса, соның 2700-ден астамы бірінші топ мүгедегі екен. Олардың жеке көмекшілеріне жылына 1 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылпты. Алайда басқарма өкілдері сотқа берсе де төлейтін артық ақша жоқ деп кесіп айтты. https://www.youtube.com/watch?v=_Lc1EVDGM74  

Жүктелуде...