Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Facebook фашистік белгілерге байланысты Трамптың жазбаларын жойды

Facebook фашистік белгілерге байланысты Трамптың жазбаларын жойды

Facebook фашистік белгілерге байланысты Трамптың жазбаларын жойды
ашық дереккөзі

Танымал әлеуметтік желі Facebook АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенстің сайлауалды кампаниясы кезінде жарияланған кейбір жазбаларын фашистік белгілерге байланысты өшіріп тастады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 />

Жалпы алғанда 88 жазба жойылған.
<div class=
Жарнамада былай делінген: "Түсініктері теріс қауіпті топ өкілдері көше кезіп, көзіне түскен дүниенің барлығын талқандауда". Бұл аккаунттардың баннерлерінде басы төмен қарап тұрған үшбұрыштың белгісі бейнеленген. Аталмыш белгі нацистік фашистермен Екінші дүниежүзілік соғыста концентрациялы лагерьлерге қамалған саяси тұтқындарды белгілеу үшін қолданылған.  />
<p dir=Facebook-тің хабарлауынша, бұл ақпарат компанияның ұйымдасқан өшпенділікке қарсы саясатын бұзды.

"Біз өшпенділікті насихаттайтын ұйымдар мен идеологияларды білдіретін белгілерге рұқсат бермейміз, дегенмен оларды айыптау мақсатында қолдануымыз мүмкін", - деді Натаниэл Глейхер Facebook-тің қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

Трамп кампаниясының өкілі бұл жағдайға түсініктеме берді. Оның сөзіне қарағанда, хабарламалар көше бойын кезіп, аласапыран тудыратын "Антифа" радикалды топтарын сынға алу мақсатында осы белгі қолданылған.

Бұл АҚШ президентінің әлеуметтік желілеріндегі алғашқы жанжал емес. Бұған дейін, мамыр айының соңында Twitter Трамптың жазбаларын сенімсіз деп белгіледі. Бұл жазбаларда Трамп пошта арқылы дауыс беру жаппай алаяқтықпен қатар жүретініне сенім білдірді. Кейін Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеу туралы жарлыққа қол қойды. Содан кейін Twitter Трамптың афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімі туралы сөз сөйлеген видеосын өшіріп тастады.