Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Өзіңді өзің ғана құтқарасың»: Жазылбекова да вирус жұқтырған болуы мүмкін

"Өзіңді өзің ғана құтқарасың": Жазылбекова да вирус жұқтырған болуы мүмкін

«Өзіңді өзің ғана құтқарасың»: Жазылбекова да вирус жұқтырған болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстандық кино саласының жұлдызы Аружан Жазылбекова коронавирус инфекциясына тест тапсырды. COVID-19 актрисаның жақын ортасындағы жандарға жеткен. Өнер иесі барша отандастарын санитар дәрігерлердің талаптарын орындап, барынша сақтанып жүруге шақырды деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.  width= Аружан Жазылбекова Instagram парақшасында қауіпті вирусты анықтайтын тесттен өтіп, нәтижесін күтіп отырғанын хабарлады. Актрисаның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларын біраз уайымға салған. "Осымен болды. Үйге қыс келді. Коронавирус менің жақын ортама жетіп алды. Мен вирусқа сенген жоқпын деп айта алмаймын. Адамдар бұл жағдай олардың басына келмейді деп ойлайтын әдеті бар ғой. Үйде оқшауланып, ПТР тестінің нәтижесін күтудемін. Енді, симтомсыз науқастар вирустың нағыз тасушысы екенін түсініп жатырмын. Ауруханаларда орын жоқ, кезекшілерге хабарласу мүмкін емес, ал жедел жәрдем келмей қалуы мүмкін екені айтылып жатыр. Оған қарбалас себеп болған. Қысқасы, өзіңді өзің ғана құтқара аласың. Ол үшін бетперде тағып, дене қызуын өлшеп, ПТР тестін тапсырып, адамдармен көп байланыса бермеу керек. Құдай үшін халқым, кезекте тұрғанда арақашықтықты сақтаңыздар" , - деді актриса.