Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Неге ішіміз пысады?

Неге ішіміз пысады?

Неге ішіміз пысады?
ашық дереккөзі
Зерігіп, не істерін білмеген адам айналысарға іс таппай отырады. Бұл да бір психологиялық күй. Адам ешқашан өзіне сырттай баға бере алмайды. Демек, іші пысып отырғанын да байқамайды. Ендеше осы бір ерекше психологиялық күйдің ерекшеліктерін іздеп көрейік.  width= Іш пысудың себептері Адам өз-өзін бақылай алмай, назарын бір нүктеге сала алмай отырған сәтте іші пысады. Мысалы, бойыңызда күшіңіз тасып отыр, бірақ, іш пыстыратын дәрісте отырсыз, ұзын сонар кезекте тұрсыз немесе әуежайдың күту залында ұшағыңызды күтіп отырсыз. Айналаңызда қызықты әрі көңіліңізді арбайтын дүниелер көп болса да, тез бітіру керек жұмысыңыз болса да, алаңдап кетесіз. Егер әуежайда ұшақ күтіп қалсаңыз, күту залында көрсетілетін экраннан видеоларды қарауға болады, кітап оқыңыз, бірге жол жүретін жолаушылармен танысыңыз. Айналаңызда жүрген адамдарға қараңыз, тіпті, іш пысқанда айналада жүрген адамдарға қарағанның өзі қызық. 1989 жылы зерттеушілер осы тақырыпта мынадай тәжірибе жүргізген екен. Зерттеуге қатысушылар бір басылымда жазылған мақаланың үнтаспадағы нұсқасын тыңдап отырған. Екінші бөлмеде теледидардың бар даусын шығарып қойған екен. Ал үшінші бөлмеде опера қосып қойған екен. Мақаланы тыңдап отырған адамдар өзі елең еткен дауысқа барыпты, яғни топтағы кей адамдар теледидар қосулы тұрған бөлмеге, ал енді біреулері опера қосылған бөлмеге барыпты. Ал кейбірі алғашқы тыңдаған мақаланың қызығына еніп кеткені соншалық – даусы жағаласып тұрған теледидарға да, операға да мән бермеген. Тыңдалым біткен соң, зерттеудің қорытындысын шығарған. Сөйтсе, теледидар көріп, әуен тыңдаған адамдардың іші пысқан екен. Ал шудың әсері тимеген тыңдармандар жазбаны ұйып тыңдап, қызықты деректермен «қоректендік» деп әсерлерін жеткізген. Осы тұста зейін салу деген ұғымның мәнін ашу керек. Құлаққа әсер еткен теледидар мен операның даусы оларға кедергі болған. Кейде біз топ ішінде әңгіме айтып отырып, бір нүктеге қарап ойланып кетеміз. Егер сол сәтте өзге дауыс не сыртқы күш әсер етсе, елең ете қаламыз. Демек, адам әр сәтте бір зейіннен ауытқи алады. Зейін ауытқыса, назар ауады, жасап отырған жұмысынан қараптан-қарап безінеді де, өзге тірлік іздейді, ол табылмаса іші пысады. Кейде адамдар өзіне ұнамайтын істі жасап жатады. Мысалы, оқығысы келмейтін кітапты мұғалім оқушыға тапсырма ретінде «оқып кел» деп береді. Бірақ, емтиханда келуі мүмкін ғой деген оймен ілініп-салынып оқып шығады. Демек, адам бір нәрсеге зейін не назар салу үшін міндет пен мақсат керек. Сонда ғана зейін ауады.