Шымкентте жолаушылар тасымалымен айналысатын компания басшылары бас көтерді. Олар әкімдіктің жолаушылар тасымалын жаңғырту жөніндегі жаңа жобаны сынға алуда. Жергілікті билік жаңа жүйені енгізу арқылы бұрынғы компанияларды нарықтан ығыстырып жатқан көрінеді. Салдарынан 20 шақты автопарк иелері бірнеше жылға несиеге алған автобустарын бағытқа шығара алмастан қаңтарып қоюға мәжбүр. Ал, ақжағалылар болса, халық үшін қолға алынған бастамалар міндетті түрде жүзеге асуы тиіс дейді, деп хабарлайды деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Марат Сейітов 15 жылдан бері жолаушылар тасымалымен айналысып келеді. Қаланың бұрынғы басшылығының тұсында автопаркін жаңартып, 132 млн теңгеге 30 қоғамдық көлік сатып алыпты. Алайда, шаһарға жаңа әкім келгелі бұл салада біраз өзгеріс жасалуда екен. Кестеге өзгерістер енгізіліп, айналымға басқа компанияның автобустары қосылған. Әу баста бес бағыт бойынша жұмыс істеген оның компаниясы осы күні небәрі екі бағытпен ғана шектеліп қалған. Ол аздай, жауаптылар қайтадан автопарктерін жаңалауды талап етуде екен. Бұл қисынсыз деген ол, "миллиондаған теңгеге несиеге алған автобустарымызды қайда жібереміз" дейді.
МАРАТ СЕЙІТОВ, АВТОПАРК ҚОЖАЙЫНЫ: "Олар тұр. Оны мен ертең металломға өткіземін ол автобустарды или сатамын. Басқа амал жоқ. Тек ғана екі маршрутым қалды 120 мен 69. Сонымен қызмет жасап жатырмын".
Марат секілді 24 компанияның қожайындары да тығырыққа тіреле бастаған. Арасында қала әкімдігінің талабына бойұсынып, автопаркілерін жаңартқандар бар.
МАРАТ МЕДЕУОВ, АВТОПАРК ҚОЖАЙЫНЫ: "Менің общий қарызым жаңа машинамен алып отырғаным 120 млн теңге болып тұр. 120 миллион. Мен әкімдерге сеніп, сол көліктерді алып, осы салады жұмыс істеймін деп ертеңгі күні құтыламын деп өзім тұрып жатқан үйімді, базамды, екі жолдас баламның үйлерін қойып қойдым".
Соңғы жылдары Шымкент көшелерінде су жаңа автобустар жүре бастады. Ірі компаниялар пайда болып, автопарктер жаңарған. Бірақ, бұл үрдіс кейбір жолаушылар тасымалымен айналысып келген кәсіпкерлерді ығыстарып барады. Кейбірі, үй-жайын кепілге қойып, банктен несие алыпты.
ДАРХАН ҚАЙЫПОВ, ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Бәрінің мойнында кредит бар. Кредитті не үшін алды? Ол той үшін алған жоқ! Ол жаңа автобус үшін алды. Ол қызмет істеп жатыр қазіргі таңда. Міне әңгіме қайда жатыр".
Ал, әкімдік жаңа жоба қалада қоғамдық көлік тасымалын реттеп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр дейді. Оған сәйкес, шаһарға 600-дей су жаңа автобус жеткізіледі. Сөйтіп, барлығы 852 қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек,саладағы көлеңкелі қаржы айгналымын болдырмау үшін электрондық төлем жүйесі алғаш рет енгізілмек. Автобус паркі, диспетчерлік қызмет, көліктердің жүру бағыты мен кестесінде біршама өзгеріс бар.
МАҚСҰТ ИСАХОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Тасымалдаушылардың айтып жатқаны, біз қысым көріп жатырмыз дегені ешқандай да қысым жоқ. Біз оларға айтып отырмыз: кім 3 жылға дейін жаңа автобус алған оларға міндетті түрде маршрут береміз. Ал, кімде 3 жылдан асып кеткен ескі автобустар олар біздің сатып алған автобустарымызды алып, біздің ұсынған маршруттарымызбен жұмыс істеуге болады. Оған мемлекет тарапынан субсидия төленеді".
Жаң ажобаға сәйкес, әкімдік тасымалдаушы компаниялардың қожайындарымен 10 жылдық келісім-шартты бұзбақшы. Алайда, оған келіспеген жеке кәсіпкерлер енді прокуратура мен қаржы департаментіне шағымданамыз деп отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=uhPA5h3w3yg