Митинг күні жүзден аса адамды полиция ұстап әкетті

Митинг күні жүзден аса адамды полиция ұстап әкетті

ашық дереккөзі

Қазақстандағы оппозициялық күштер елде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бірінші рет көлемді наразылық митингісін өткізуге әрекет жасады. Қоғамда дау туғызған "Бейбіт жиын туралы" биыл қабылданған жаңа заң күшіне енген маусымның 6-сына Алматы мен Нұр-Сұлтанда ресми тіркелмеген оппозициялық екі топ - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы мен "Демократиялық партия" жақтастары наразылық митингісін өткізбек болған алаңды полиция қоршауға алды. Билік өкілдері алаңда "коронавирусқа қарсы дезинфекция шарасы" жүргізілетінін айтып, жұртты тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар оған келіспей, өздерін алаңға өткізуді талап етті. https://www.youtube.com/watch?v=pG-SLqX1Drc&feature=emb_title Наразылық білдірушілер саяси жүйенің өзгеруін, несиенің кешірілуін және 2016 жылы жерді шетелдіктерге ұзақ уақытқа жалға беру жөніндегі үкімет реформасына қарсы шыққаны үшін бес жылға сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаевты босатуды талап етті. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пандемиясына байланысты халықты митингке шықпауға шақырған. Елдің бас прокуратурасы да карантин кезінде көшеге шығу заңсыз деп ескерткен. Наразылық кезінде нақты қанша адам ұсталғаны белгісіз. Ішкі істер министрлігі мәліметтер бермеді. Митинг болардан бірер күн бұрын құқық қорғау органдары белсенділерге шақыру қағаздарын беріп, сенбі күні полицияға баруын талап еткен. Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары карантинді пайдаланған Қазақстан билігі азаматтық құқықтар мен бостандықтарды шектеп, белсенділерге қысымды күшейтіп жатыр деп дабыл қаққан еді. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақтан үкіметінің коронавирус індетіне қарсы шаралар ауқымын негізсіз кеңейтіп, карантин шектеулерін "өктем әрі жосықсыз" әдіспен енгізгенін сынаған. Ақпарат: https://www.centralasian.org/ порталынан  

Жүктелуде...