Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

9 сәуір ауа райы: тұман, жел, қар көшкіні мен су тасқыны қаупі бар

Қазгидромет еліміздің бірнеше аумағында дауылды ескертулер жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. Бүгін, 9 сәуір күні еліміздің басым бөлігін тұман басып, жел тұрады деп болжануда. Сондай-ақ, синоптикртер қар көшкіні мен су басу қаупі бар екенін де ескертті.  

9 сәуір ауа райы: тұман, жел, қар көшкіні мен су тасқыны қаупі бар
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы

9-12 сәуір аралығында Ақмола облысындағы Бұланды, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде бүйірлік және орманды алқаптардан еріген қар суы ағындарының жетуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Жекелеген аймақтарда су деңгейі қауіпті деңгейден асып, соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық нысандарын су басу мен судың жайылуына алып келуі мүмкін.

Ақмола облысы

09 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы, Алматы облысы

2025 жылдың 09-11 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Жетісу облысы

09 сәуірде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

09 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

09 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

09 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 09 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысы

09 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 09 сәуірде Түнде және таңертең тұман күтіледі

Ұлытау облысы

09 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

09 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

09 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

09 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

09 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 09 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысы

09 сәуірде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Абай облысы

09 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 09 сәуірде түнде найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

09 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

09 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 09 сәуірде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату