Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрылтай депутаттары әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетті

Құрылтай депутаттары Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ретінде жеке қаражатынан 146,6 млн теңге жинады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Құрылтай депутаттары әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетті
Фото: Quryltai

Құрылтай Бюросының отырысы қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Депутаттар көмек көрсету үшін жеке қаражатынан ерікті түрде қаржы жинауды қолдаған. Жиналған қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылады. Қаражат жинау әлі де жалғасып жатыр.

Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айтқұлов және Махамбет Хасенов 20 млн теңгеден аударған.

Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Жамалов 10 млн теңгеден, Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамбедиев және Мұса Хайруллиев 5 млн теңгеден берген. Бегалы Ералиев 500 мың теңге аударған. Қалған депутаттар да қаржылай көмек көрсеткен.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер