Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда LRT желісінің алғашқы рельстері төселді

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысы аясында Бауыржан Момышұлы көшесінде рельс пен темірбетон шпал төсеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Алматыда LRT желісінің алғашқы рельстері төселді
Фото: Ашық деректер көзі

Қазір жұмыстар жер қазу және инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру аяқталған учаскелерде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы 4,4 шақырымды құрайды. Мұнда қос жолды желі салу үшін 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс төсеу жоспарланған.

Сонымен қатар LRT жобасының бірінші кезегіне кіретін Төле би көшесіндегі учаскеде де құрылыс жұмыстары жалғасуда. Желі өтетін аумақтағы инженерлік коммуникациялар технологиялық талаптарға сәйкес кезең-кезеңімен қайта орналастырылып жатыр.

Жоба бойынша Алматыда барлығы 375 инженерлік желіні қайта орналастыру қарастырылған. Оның құрамына жылу, байланыс, сумен жабдықтау және кәріз, нөсер кәрізі, газ және электр желілері кіреді. Бауыржан Момышұлы көшесінде 39, Төле би көшесінде 269, Абылай хан даңғылында 67 инженерлік желіні қайта орналастыру жоспарланған.

LRT желісінің бірінші кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасатын деподан басталып, Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелері, Абылай хан даңғылы арқылы «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жалғасады. Соңғы нүкте ретінде «Райымбек батыр» көлік-ауысу торабы қарастырылған.

Жоба толығымен жерүсті бағытта жүзеге асырылады. LRT іске қосылғаннан кейін Бауыржан Момышұлы мен Төле би көшелеріндегі жолдың ортаңғы екі жолағы жеңіл рельсті пойыздардың қозғалысына беріледі. Пойыздардың техникалық жылдамдығы 65–70 км/сағ, ал орташа қозғалыс жылдамдығы 30–35 км/сағ деңгейінде болады деп жоспарланған.

LRT бірінші желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→