weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БАӘ-нің Шарджа қаласында екі қазақстандық әйел қаза тапты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, Newsroom.kz хабарлайды.

БАӘ-нің Шарджа қаласында екі қазақстандық әйел қаза тапты
Фото: Ашық деректер көзі

ҚР СІМ мәліметінше, қаза болғандар – Ақжан және Жұлдыз Бохановалар. Олардың қайтыс болу жағдайын Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдары анықтап жатыр.

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Дипломаттар құжаттарды рәсімдеу және БАӘ-нің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қолдау көрсетуде.

Жергілікті билік тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайын әзірге жария етпей отыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туыстарымен байланыста екенін және өз құзыреті шеңберінде қажетті көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың нақты неден және қандай жағдайда қаза болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та марқұмдардың БАӘ-де жұмыс істеу мақсатында болғаны және біраз уақыт бойы туыстарымен байланысқа шықпағаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл деректердің барлығы тергеу аяқталғанға дейін ресми түрде расталған жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→