Зауыттың жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Бұл ақпаратты зауыт өкілдері растады.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға зауыттың өндірістік жұмысына әсер етпеген, кәсіпорын штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.