weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйден дауыс берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс берді. Денсаулығына байланысты ол сайлау учаскесіне бармай, өз үйінде дауыс беру рәсіміне қатысты. Бұл туралы оның ресми сайты хабарлады

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйден дауыс берді
Фото: Назарбаев ресми сайты

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев жақында омыртқасына ота жасатқан. Осыған байланысты оған дауыс беру құқығын тұрғылықты жері бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.

Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елдегі Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Бұл — Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламентіне депутаттарды сайлауға арналған алғашқы дауыс беру.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→