weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Адам саудасының құрбаны болмау үшін: Түркістанда балаларға арнайы сабақ өтті

Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерінде "Адам саудасына қарсымыз!" атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Адам саудасының құрбаны болмау үшін: Түркістанда балаларға арнайы сабақ өтті

Кездесу барысында полиция қызметкерлері адам саудасының түрлері, оның белгілері, күмәнді жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке қайда жүгіну қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпарат қамтылған 100-ге жуық үнпарақ таратылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында балалар мен тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жан-жақты жауап алды. 

Айта кетелік, полиция адам саудасының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→