weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Орал шетіндегі Хан тоғайындағы орман өрті әлі толық сөндірілген жоқ: тікұшақтар жұмылдырылды

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы маңындағы Хан тоғайында шыққан ірі өртті сөндіру жұмыстары бірнеше ведомствоның қатысуымен жалғасып жатыр. Жалынмен күреске ондаған маман мен авиация тартылып, әуеден ондаған тонна су төгілді, деп хабарлайды newsroom.kz

Орал шетіндегі Хан тоғайындағы орман өрті әлі толық сөндірілген жоқ: тікұшақтар жұмылдырылды
Фото: видердан скриншот

27 шілде күні күндіз Орал қаласының шетінде орналасқан Хан тоғайы аумағында өрт тұтанды. Қала тұрғындары аспанға көтерілген қою түтінді байқап, әлеуметтік желілерде суреттер мен бейнежазбалар жариялады. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өрттің Жайық пен Шаған өзендерінің тоғысындағы орманды алқапта болғанын растады. Өрт ошағына жақын маңда Күреңдер тұрғын алабы орналасқан.

Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 80 адам жұмылдырылған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар Экология министрлігінің мамандары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және әскери құрылым өкілдері қатысып жатыр.

Жалынның таралуын тежеу үшін екі тікұшақ іске қосылды. Әуе техникасы өрт ошақтарына бірнеше ондаған мәрте су төгіп, жалпы көлемі 68 тонна су шашқан. Осы уақытқа дейін тікұшақтар 46 рет ұшу операциясын орындаған.

Мамандардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстарына аптап ыстық пен екпінді жел айтарлықтай кедергі келтіруде. Өрт шыққан күні ауа температурасы +38 градусқа дейін көтерілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын шамамен 18 гектар аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта өрт толық ауыздықталған жоқ. Құтқарушылар мен өзге де қызметтер тілсіз жауды толықтай жою үшін жұмыстарын жалғастырып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→