weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады
Фото: ашық дереккөз

Арман Исагалиевтің дипломатиялық қызметтегі тәжірибесі мол. Ол еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған.

2000 жылдан бастап Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде қызмет атқарды. Кейін Дубай мен Солтүстік Әмірліктердегі Қазақстанның Бас консулы болды. Әр жылдары Қазақстанның Мысырдағы, Алжирдегі және Тунистегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бері Қазақстанның Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Енді ол Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымында жұмысын жалғастырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→