weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жамбыл облысында 8 жастағы туысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған туысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Іс кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты болғандықтан, сот процесі жабық форматта өтті. Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.

Жамбыл облысында 8 жастағы туысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 8 жастағы туысына қатысты аса ауыр қылмыс жасаған ер адамға үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға жәбірленуші денсаулығына шағымданғаннан кейін белгілі болған. Қыз бала болған жағдайды анасына айтып берген, содан кейін әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Сараптама қорытындысы қылмыс фактісін растаған.

Іс құжаттарына қарағанда, сотталған азамат үйге Wi-Fi желісінің құпиясөзін сұрау сылтауымен кіріп, кейін қылмыс жасаған. Сот барысында ол тағылған айыпты ішінара мойындаған.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→