CNN телеарнасының хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ұшыраған әуе кемесі жергілікті авиакомпанияға тиесілі Sunward SA 60L Aurora жеңіл спорттық ұшағы болған.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ұшақтың бөлшектерінің биіктен құлап жатқанын көруге болады. Ғимарат маңынан ұшақтың құйрық бөлігі табылған.
Оқиғадан кейін зәулім ғимараттағы адамдар шұғыл түрде эвакуацияланып, көшеге шығарылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетті.