weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы LRT желісі осы аптада іске қосылады

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев пресс-тур барысында елордадағы жеңіл рельсті көлік желісін іске қосу осы аптаға жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Астанадағы LRT желісі осы аптада іске қосылады

Жаңа бағыт Астананың маңызды нысандары мен негізгі көшелерін байланыстырады. LRT пойыздары Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, Mega Silk Way, Ботаникалық бақ, Абу Даби Плаза, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей және Нұрлы жол теміржол вокзалы арқылы қатынайды.

Жоба елорда тұрғындары мен қонақтарының қозғалысын жеңілдетіп, қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді деп күтілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→