weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 19:18 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иран соққыларынан БАӘ-де жараланғандар саны 178-ге жетті

Иран тарапынан жасалған шабуылдар салдарынан Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) аумағында жараланғандар саны 178 адамға жетті. Бұл туралы БАӘ Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісіндегі күнделікті мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Иран соққыларынан БАӘ-де жараланғандар саны 178-ге жетті

Министрліктің мәлімдеуінше, 178 адам түрлі деңгейде жарақат алған — жеңіл, орташа және ауыр. Зардап шеккендердің арасында 30-ға жуық елдің азаматтары бар.

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, Иран шабуылдарының салдарынан БАӘ Қарулы күштерінің екі әскери қызметкері, қарулы күштерде жұмыс істеген Марокко азаматы, сондай-ақ Пәкістан, Непал, Бангладеш және Үндістан азаматтары болған сегіз бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Бұдан бөлек, БАӘ-нің әуе қорғаныс жүйелері 28 наурыз күні Ираннан ұшырылған 20 баллистикалық зымыран мен 37 ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) әуеде жойған.

Министрліктің дерегінше, шиеленіс басталғалы бері жалпы 398 баллистикалық зымыран, 15 қанатты зымыран және 1 872 дрон әуе қорғаныс жүйелері арқылы қағып түсірілген.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→