weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дәрігер қателігінен: аппендицитпен ауырған бүлдіршін ауыр хәлде

Жезқазған қаласында екі жасар Алиса дәрігерлер дер кезінде диагноз қоймағандықтан ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілді.

Дәрігер қателігінен: аппендицитпен ауырған бүлдіршін ауыр хәлде
Фото: ашық дереккөз

Баланың анасы Альбина Кузьмина қызын ішінің ауыруына байланысты бірнеше рет ауруханаға апарғанын, тексеру мен УДЗ жасауды сұрағанын айтады. Алайда дәрігерлер әр жолы нақты көмек көрсетпестен, үйіне қайтара берген.

Кейін баланың жағдайы күрт нашарлап, оған перитонит асқынуымен өткен жедел аппендицит диагнозы қойылды. Бүлдіршінге шұғыл түрде ота жасалды.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жағдайға Денсаулық сақтау министрлігі мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева араласты. Олар баланың анасымен байланысқа шығып, Алиса санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді.

Анасының айтуынша, ота жасаған хирург өз қателігін мойындап, УДЗ-ны ертерек жүргізу қажет болғанын растаған. Дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→