weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қайтарылмайтын әуе билеттері алынып тасталуы мүмкін

Қазақстанда қайтарылмайтын әуе билеттерін жою бастамасы талқыланып жатыр. Алайда мұндай өзгеріс билет құнының қымбаттауына әкелуі ықтимал. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қайтарылмайтын әуе билеттері алынып тасталуы мүмкін

Вице-министрдің сөзінше, әлемдік тәжірибеде барлық билетті толық қайтарылатын ету билет саясатына әсер етеді.

«Егер билеттердің бәрі 100% қайтарылатын болса, баға өсуі мүмкін. Себебі әуе компаниялары өз есептерінде белгілі бір жолаушылардың рейске келмей қалатынын алдын ала жоспарлайды. Олардың орны бос қалады, ал толық өтемақы төленген жағдайда бұл шығындар қалған жолаушылардың билеттеріне қосылады», – деді Ластаев.

Қазір министрлік бұл мәселені депутаттармен, сарапшылармен және халықаралық мамандармен бірге қарастырып жатыр. Шешім қабылдарда әр жолаушының мүддесіне әсері мұқият ескеріледі.

«Кей жағдайда билет ақшасын қайтару өте орынды. Кейде халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. Бұл мәселе әзірге талқылау деңгейінде», – деді ол.

Еске сала кетейік, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті отырысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжатқа сәйкес, қайтарылмайтын әуе билеттерін сату және билетпен бірге қосымша қызметтерді күштеп таңу заңсыз деп танылуы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→