weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2026 жылы күнкөріс деңгейі, зейнетақы, АЕК қанша болады?

Қазақстан президенті 2025 жылғы 8 желтоқсанда «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойды. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай мөлшерлер белгіленді:

2026 жылы күнкөріс деңгейі, зейнетақы, АЕК қанша болады?
Фото: eKaraganda

Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (2025 жылы – 85 000 теңге);

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қажетті күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).

Заңда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 10% арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленді.

Сондай-ақ, мемлекеттің МӘМС-ке (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) төлейтін жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2%-ы мөлшерінде белгіленді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→