Мәліметке сүйенсек, Мемлекет басшысы «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»заңға қол қойды. Құжат алдағы орта мерзімдегі кіріс пен шығыс көлемін, сондай-ақ қаржы саясатының басым бағыттарын айқындайды.
Сонымен бірге Президент 2026–2028 жылдары республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңға да қол қойды.