weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 шілде, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда танымал Лабубу қуыршақтарын емдейтін дәрігерлер пайда болды

Лабубудың танымалдығы жаңа бір «мамандықтың» пайда болуына себеп болды – бұл ойыншық дәрігері. Қытайда мұндай дәрігерлер мата монстрларды жөндеумен ақша табады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қытайда танымал Лабубу қуыршақтарын емдейтін дәрігерлер пайда болды

Лабубу айналасындағы ажиотаж сәл бәсеңдегенімен, қытайлық Pop Mart компаниясының ойыншықтары әлі де трендте. Тіпті Қытайда монстрларды жөндейтін шеберлер пайда болды – оларды Лабубу дәрігерлері деп атайды.

Лабубу дәрігерінің міндеті – ойыншықтың мінсіз қалпын бақылау. Ол оны жөндеп, ұсақ зақымдарды қалпына келтіреді. Әсіресе Heartman деген лақап аты бар «дәрігер» танымал болды. Бір айда ол шамамен 100 ойыншықты «емдеп» шыққан. Әрбір «пациент» үшін ол ойыншықтың бағасының 10%-ын алған.

Қытайда Лабубу ойыншықтарының бағасы шамамен 99 юань тұрады. Алайда сирек кездесетін үлгілері секонд-хенд дүкендерінде жүздеген, тіпті мыңдаған юаньға сатылуы мүмкін. Сондықтан мұндай ерекше дәрігердің жалпы табысы өте жақсы болуы ықтимал.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→