weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып, сынықтары табылуда

Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақты іздестіру барысында әуе көлігінің сынықтары табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып, сынықтары табылуда

25 шілде күні таңертең Қорғаныс министрлігіне қарасты EC-145 (Eurocopter) маркалы тікұшақпен байланыс Отар аумағында үзіліп кеткен. Алдын ала мәліметке сәйкес, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері бірлесіп, дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастаған.

Кешенді операция аясында спутниктік бақылау жүргізіліп, Сорбұлақ көлінің акваториясында майға ұқсас дақ анықталған. Осы белгі бойынша арнайы жабдықталған құтқарушылар тобы (эхолоттар, дрондар, су асты құрылғыларымен) аттандырылып, іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғастырылды. Нәтижесінде әуе көлігінің бөлшектері табылды. Олар ҚР Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасалуда.

Қазір оқиға орнында 200-ге жуық маман, 40 техника, 15 жүзу құралы, 4 кинологиялық есеп және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Арнайы комиссия да оқиға орнына аттанып, болған жайттың мән-жайын анықтауға кірісті.

Қос ведомство оқиғаның нақты себептері мен зардаптарын анықтаған соң қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→