weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада «Шанхай» базары өртенді: жалын бүкіл ғимаратты шарпыды

Астанадағы Алаш тасжолы бойында орналасқан Байқоңыр ауданындағы «Шанхай» базарында ірі өрт шықты.

Астанада «Шанхай» базары өртенді: жалын бүкіл ғимаратты шарпыды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, командалық басқару орталығында үйлестіру жұмыстары жүргізілген. Өрт жоғары дәрежелі қауіп деңгейімен бағаланған.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт аумағы қатты ұлғайған, аралық қабаттардың бір бөлігі опырылып түскен. Түтін қою, ал от жүктемесі жоғары болғандықтан, жалынды сөндіру қиынға соққан.

«Ғимарат периметрі бойынша су ағытқыштар берілді, оның ішінде биіктік техникасы да тартылды. Өрттің кең аумақты шарпығанына себеп — кешігіп хабарланғаны. Қатты жанғыш заттардың көп болуы өртті ауыздықтауды күрделендірді. Жалынды сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 165 маман және 62 техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 07:10-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеген.

ТЖМ мәліметінше, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. От сөндірушілердің өзі бірінші және үшінші қабаттардың терезесінен шыққан қою қара түтінді байқап, өртті анықтаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→