weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада бір үйдің 10 қабатын өрт шарпыды

Бүгін түнде елордада орналасқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Астанада бір үйдің 10 қабатын өрт шарпыды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимараттың 6 мен 16-қабаттары аралығындағы сыртқы қаптаманың жылуоқшаулағышы жана бастаған. Сондай-ақ 14-қабаттағы балкон да отқа оранған. Жалпы өрт аумағы шамамен 250 шаршы метрді қамтыған.

Оқиға орнынан 100-ге жуық адам өздігінен шығып үлгерген, тағы 15 тұрғын арнайы қызмет көмегімен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

«Өртті сөндіруге 72 құтқарушы мен 19 техника жұмылдырылды. Өрт толықтай сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген ресми хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→