weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қосшы мектебінде екі мұғалім төбелескен

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы IT мектеп-лицейінде екі мұғалім — математика және тарих пәні ұстаздары арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан, деп хабарлайды newsroom.kz ZHEST_KZ Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қосшы мектебінде екі мұғалім төбелескен
Фото: baq.kz

Оқиға сәуір айында спортзалдың ішінде болғанымен, тараптар полицияға тек жақында ғана жүгінген.

Математика пәнінің мұғалімі әріптесінің бетіне қолы байқамай тиіп кеткенін, тек амандаспақ болғанын айтқан. Алайда тарих пәнінің мұғалімі бұл әрекетті қорлау деп түсініп, екеуара әңгіме соңы жұдырықтасуға ұласқан. Салдарынан математиктің жақ сүйегі сынып, тарихшы мұғалімнің мұрны сынып, денесіне көгерген іздер қалған.

Мектеп әкімшілігі оқиға кезінде ешбір тарап медициналық көмекке де, басшылыққа да жүгінбегенін айтып отыр. Сол себепті төбелес ресми түрде тіркелмеген.

Қазір білім ордасында педагогикалық кеңес өткізу жоспарлануда. Ал полиция бұл факті бойынша тергеу амалдарын бастады. Екі тараптың да әрекетіне заң тұрғысынан баға берілетін болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→