weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жанқош Тұраров: Руслан Берденовке 100% қастандық жасалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Руслан Берденовке жасалған шабуылға байланысты Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жанқош Тұраров: Руслан Берденовке 100% қастандық жасалды
Фото: инстаграм парақшасынан

Ол бұл жағдайдың алдын ала ұйымдастырылғанын айтып, қоғамның асығыс пікірлерге ермеуін сұрады.

«Әуежайда отырсам, жағымсыз хабар жүректі зырқ еткізді. Оқ атып, денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, қара күйе жаға бастағандар бар. Бұл – 100% "заказ". Ақылы бар адам олай ойламайды. Қаралауға асықпаңыздар. Халқымыздың жанашырына айналған азаматты біреудің сөзінің соңынан еріп кінәлай бермейік. Елім деген бір ер туса, оны қабатын екі ит табылары өкінішті», – деп жазды боксшы.

Жанқош Тұраров Руслан Берденовке тез сауығып кетуін тілеп, қолдау білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→