weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шерзат анасы: «Жедел жәрдем шақыруды сұрадым. Олар маған тас лақтырды»

Шерзат Полат қазасына қатысты сотта жәбірленуші тарап жауап беріп жатыр. Кезек Шерзат Полаттың анасына келді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Шерзат анасы: «Жедел жәрдем шақыруды сұрадым. Олар маған тас лақтырды»

Оның сөзіне қарағанда, Қаржаубай Нұрымов оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірақ олар келмеген.

«Нұрқанат Шерзатты қорғауға тырысты. Абзал бастаған топ оны ұрып-соғуды жалғастырды. … Абзал мен Нұрқияс мені де өлтірем деп қорқытты. Қаржаубай жедел жәрдем мен полиция шақырды. Бірақ ешкім жауап бермеді», — деді ол.

Шерзат Полаттың анасы айыпталушылармен бірге тұрған қыздарға да өтініш жасаған. Бірақ олар Шерзаттың анасына тас лақтырған.

«Мен сол жерде болған қыздардан жедел жәрдем шақыруды сұрадым, Олар шақырмады. Оның орнына маған тас лақтырды», — деді анасы.

Шерзат Полаттың ата-анасы ұлдарын ауруханаға өздері апаруға мәжбүр болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→