weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барыстың» маусымдағы соңғы матчы тарихи рекордпен аяқталды

ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатының соңғы турында қазақстандық “Барыс” пен уфалық “Салават Юлаев” кездесіп, ойын тарихи жетістікпен есте қалды, деп хабарлады newsroom.kz. Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

«Барыстың» маусымдағы соңғы матчы тарихи рекордпен аяқталды
Фото: Kazinform

“Салават Юлаев” шабуылшысы Джошуа Ливо бұл ойында гол соғып, ҚХЛ-дың бір маусымдағы ең көп шайба соғу рекордын жаңартты. Оның “Барыс” қақпасына енгізген шайбасы – маусымдағы 49-голы болды. Бұған дейін бұл рекорд ресейлік Сергей Мозякингетиесілі еді (48 шайба).

Джошуа Ливо “Салават Юлаев” сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол 62 матчта 80 (49+31) ұпай жинап, ерекше нәтиже көрсетті.

“Барыс” пен “Салават Юлаев” арасындағы соңғы кездесу қонақтардың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Ливодан бөлек, уфалық команда сапынан Александр Хмелевский, Шелдон Ремпал және Скотт Уилсон мергендік танытты.

Ал “Барыс” құрамындағы жалғыз голды Аслан Жусупбеков соқты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→