weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“25 адам аман қалды“: Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін Ақтау қаласына жақын жерде Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы avia.pro сайты мәлімдеді",- деп хабарлайды newsroom.kz

“25 адам аман қалды“: Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Фото: Avia.pro

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақтың экипажы борттағы техникалық ақаулар туралы хабарлап, апаттық сигнал берген. Осыдан кейін көп ұзамай ұшақ биіктіктен айырылып, Ақтау әуежайының маңында құлады. Бортта 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Оқиға орнына жеке құрамның 52 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жеткен. Құтқарушылар апаттан кейін туындаған өртті сөндіруге және тірі қалғандарды іздеуге кірісті. Алдын ала мәлімет бойынша, тірі қалғандар бар, бірақ зардап шеккендер мен қаза тапқандардың нақты саны анықталуда.

БАҚ мәліметінше, ұшақта Әзірбайжанның 37, Ресейдің 16, Қазақстанның 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған. Соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам аман қалды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→