Солтүстік Кипр жағалауында жолаушылар паромы аударылып, борттағы 279 адам көмек күтуде. Бұл туралы Kibris Postasi хабарлады.
Filo Denizcilik компаниясына тиесілі паром Кірения жағалауында төңкерілген. Жүк кемесі емес, жолаушылар тасымалдайтын паром болғаны айтылды.
Қоғамдық жұмыстар және көлік министрі Эрхан Арықлының айтуынша, жағалау күзеті құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Іс-шараға тікұшақ пен маңайда жүрген кемелер де тартылған.
Басылымның мәліметінше, паром жағадан шамамен 2,5 шақырым қашықтықта тұмсық бөлігінен су ала бастаған. Капитан кемені портқа қайтаруға тырысқанымен, паром кейін аударылып кеткен.
Kıbrıs Postası зардап шеккендер бар екенін жазды, бірақ олардың саны мен жағдайы туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Кірения аймағындағы ауруханалар мен жедел жәрдем қызметі дайындық режиміне көшірілді.