weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбе облысында аудан әкімі өзін «Құрметті азамат» медалімен марапаттаған ба?

Ақтөбе облысында әкім өзін ауданның "Құрметті азаматы" медалімен марапаттаған. Саламат Аманбаев "Темір ауданының Құрметті азаматы" куәлігіне өзі қол қойған.,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында аудан әкімі өзін «Құрметті азамат» медалімен марапаттаған ба?
Фото: newsroom.kz

Өткен жылдың 20 желтоқсанында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы әкімге осы атақты беру туралы ұсыныс жолдаған. Ол 2 күн ішінде қолдау тауып, 22 желтоқсанда комиссия отырысы өткен. "Маңызды мәселе" көтерілген мәслихат отырысына 12 депутат қатысып, қолдай кеткен. Олар 3 күн ішінде шешім шығарып, 25 желтоқсанда марапатты табыстаған.

Депутаттар Саламат Аманбаевқа Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, су тартып, асфальт төсеп, ауданды абаттандырғаны үшін алғыс айтқан.

Саламат Аманбаев бұл қызметте 2021 жылдың наурызынан бері отыр.

Айта кетейік, биыл су тасқыны кезінде Темір ауданында 57 үй қирап қалды. Өңір тасқын кезінде 600 миллион теңгеден аса шығынға батты. Сондай- ақ мектеп оқушысының өлімі тіркелді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→