weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақмола облысында үйі өртеніп, 2 баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетіліп жатыр ма?

Осыдан 2 күн бұрын Ақмола облысындағы жеке үйден өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты. Бұланды ауданындағы өрт болған отбасыға қатысты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Newsroom.kz тілшісінің сұрағына жауап берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ақмола облысында үйі өртеніп, 2 баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетіліп жатыр ма?
Фото: Kznews.kz

- Мемлекет тарапынан тиісті көмек бар. Қосымша қайырымдылық қорлар бар, басқа да кәсіптер бар. Қолдан келген көмекті атқарып жатыр деді,- Марат Ахметжанов.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйенсек, өрт шыққан отбасында 3 бала бар.

Өрт кезінде  2017 және 2021 жылы туған екі бала қайтыс болды. Жедел қызмет нөмірлеріне қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірген.

Сондай-ақ, Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→