weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Орал қаласының әуежайына «ашық аспан» режимі енгізілді

"Ашық аспан" режимі: Орал қаласының әуежайына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді

Орал қаласының әуежайына «ашық аспан» режимі енгізілді
ҚР КМ

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық ұшулар санын ұлғайту тапсырмасы аясында Орал қаласының әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді, – деп хабарлайды nesroom.kz  Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Демек, осыдан былай еліміздің 15 әуежайы «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавлов, Семей, Түркістан, Қостанай и Орал қалаларының әуежайлары бар.

"Ашық аспан" тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді, – делінеді хабарламада.

5-ші әуе еркіндігі бар ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді.

"Сонымен қатар, Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды".

Орал қаласы әуежайында 5 ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және 1 халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→