“Үйін өртеу деген не сұмдық”: Ләззат Ахатова марқұм Шерзатқа қатысты жазба жариялады

Жан-жақты тексеру жүргізіліп, қандай қылмыстық топ болса да, тауып, түп-тамырымен жою керек

Фото: newsroom.kz

12 қазанға қараған түні Талғарда болған төбелестен қаза тапқан марқұм 16 жасар Шерзат Болаттың үйін өртеп кеткен. Іске қатысты адвокат Ләззат Ахатова өз Facebook парақшасында жазба жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Талғарда қанышерлердің қолынан қаза тапқан  16 жасар қыршын жас Шерзаттың үйін өртеп кетті деген сөз шығып жатыр. Рас па екен?  Рас болса, бүкіл халық Президентке Үндеу жасайық!!!

Органдар қайда қарап отыр?! Айдың, күннің аманында ата-анасының көзінше өрімдей жасты тепкілеп, аяусыз ұрып өлтіргендері аздай, енді үйін өртеп кету деген не сұмдық! Жан-жақты тексеру жүргізіліп, қандай қылмыстық топ болса да, тауып, түп-тамырымен жою керек!!! Әйтпесе бұл елде тұру қорқынышты боп барады"- деп жазды адвокат.
 

Жүктелуде...