weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

4 қазанда қайтыс болған 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді

Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті
Shyndyk.kz

12 қазанға қараған түні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылындағы жеке үйлердің бірінде өрт болды,- деп хабарлайды newsroom.kz Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда, бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары мен өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғандығы туралы хабарлады..

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

Марқұмының отбасысы тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→