Әлемде 370 миллион әйел 18 жасына дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Ер балалар да зорлық-зомбылықтан зардап шегеді

Фото: Егемен Қазақстан

Бейсенбіде жарияланған ЮНИСЕФ талдауына сәйкес, бүгінде өмір сүретін 370 миллионнан астам қыздар мен әйелдер - 18 жасқа дейін зорлық-зомбылықты бастан кешірген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Зорлық-зомбылықтың харассмент немесе вербалды қорлау сынды түрлерін қосқанда  зардап шеккен қыздар мен әйелдердің саны бүкіл әлем бойынша 650 миллионға дейін артады, яғни планетадағы кем дегенде әрбір бес әйелдің біреуі оны бастан өткерген.

ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел: «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық ұжымдық моральдық ар-ұжданымызға дақ болып табылады», - деді.

Сондай-ақ, балаларға қатысты зорлық-зомбылық географиялық, мәдени және экономикалық шекараларды оңай кесіп өтетінін көрсетеді. Құрбандардың ең көп саны Сахараның оңтүстігіндегі Африкада, онда 79 миллион қыздар мен әйелдер зардап шеккен одан кейін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда 75 миллион, Орталық және Оңтүстік Азияда 73 миллион, Еуропа мен Солтүстік Америкада 68 миллион, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 45 миллион.  Солтүстік Африка мен Батыс Азияда 29 миллион және Океанияда алты миллион нәзік жанды зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

Нәтижелерге сәйкес, балалық шақтағы зорлық-зомбылық жағдайларының көпшілігі жасөспірімдік шақта, ең жоғары шегі 14 пен 17 жас аралығында болады. Зерттеулерде көрсеткендей, бір рет зорлық-зомбылық көрген балалардың кейін өмірінде мұндай оқиғалар жиі қайталанады.

Мәліметтерге сүйенсек, ер балалар да зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Шамамен 240-тан 310 миллионға дейінгі ұлдар мен ер балалар, яғни әрбір 11-ге жуық адам балалық шағында зорланған немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұл көрсеткіш контактісіз формаларды қосқанда 410–530 миллионға дейін артады. 

Жүктелуде...