Бүгін еліміздің ірі қалаларында жаңбыр жауады

Астанада синоптиктердің болжамынша жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкентте 11 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,/ деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,3 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,1 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...