Кәсіби зорығу- денсаулыққа зиян

Қызметкердің кәсіби зорығуы біздің заманымыздың нақты проблемасы екенін түсіну керек

Фото: Baq.kz

Кәсіби зорығу (шаршау) – бұл қазіргі қоғамның негізгі мәселелердің бірі, мұнда өмірдің жылдам қарқыны және еңбек қызметіндегі жоғары бәсекелестік көбінесе адам ресурстарының сарқылуына әкеледі,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл адам тиімді жеңе алмайтын жұмыстағы ұзаққа созылған күйзелістің нәтижесінде пайда болады. Техникадан айырмашылығы, адамдар мүмкіндіктердің шегінде салдарсыз жұмыс істей алмайды: мұндай шамадан тыс жүктеме физикалық және психологиялық жағдайға әсер етеді, нәтижесінде шаршау, ашуланшақтық пайда болып, өнімділік пен мотивация төмендейді.

Зорығу синдромы халықаралық ғылыми әдебиеттерде кеңінен талқыланады, бірақ әлі де жеткілікті зерттелмеген. Ғылымда ол тек 1990 жылдардың аяғынан бастап жеке құбылыс ретінде қарастырыла бастады, бұған дейін ол тек жалпы тақырыптар аясында айтылды.

Қызметкердің кәсіби зорығуы миф емес, біздің заманымыздың нақты проблемасы екенін түсіну керек. Адамдармен бетпе-бет жұмыс істейтін кәсіп иелері бұл жағдайға тап болуы мүмкін: мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, компания басшылары, заңгерлер, дәрігерлер, психологтар, сатушы-менеджерлер және бизнесмендер — қарым-қатынассыз қызметі мүмкін емес кез келген адам. Егер сіз зорыққаныңыздыуақытында анықтамасаңыз және шара қолданбасаңыз, ол адамның өмірін нашарлатып, асқына түседі. Жақындарыңыздың тағдыры сізді алаңдатса, осы синдромды қалай тануға немесе тіпті алдын алуғаболады?

Кәсіби зорығудың белгілері: шаршау және апатия, ашуланшақтық және күйгелектік, мазасыздық сезімі, ұйқысыздық, уақыт тапшылығын сезіну, дәрменсіздік және үмітсіздік, өзін керексіз сезіну,бас ауыруы, жүрек соғуының жиілігі, қан қысымының жоғарылауы, үрей «шабуылдары».

Егер адам жоғарыда аталған белгілердің кем дегенде бірнешеуін ұзақ уақыт бойы сезінсе, ол біртіндеп созылмалы стресс кезеңіне өтеді. Бұл жағдай оның зейінін шоғырландыру қабілетінен айыруы мүмкін, бұл өнімділік пен тиімділікті айтарлықтай төмендетеді. Нәтижесінде ол өзінің іс-әрекетін бақылауды жоғалтып, өзін дәрменсіз және лайықсыз сезіне бастайды. Күнделікті тапсырмалардың қысымы соншалықты басым болуы мүмкін, сондықтан сіздің міндеттемелеріңізден қашуға деген ұмтылыс пайда болады, бұл қабілетсіздік сезіміне әкеледі.

Созылмалы стресс алдыңғы кезеңде пайда болған белгілерді үдету және күшейту арқылы психикалық және физикалық әл-ауқатқа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. 

Зорығуды елемеу невроз, агрессия немесе депрессия сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Эндокриндік және иммундық жүйелердің тозуы әртүрлі аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың дамуына ықпал етеді. Бұл процесті уақытында тоқтату маңызды.

Егер сіз бұл белгілерді өзіңізде немесе әріптестеріңізде байқасаңыз, психикалық денсаулықты синдромның әсерінен қорғау үшін шаралар қабылдау керек. Ең алдымен, сізге демалу керек. Мұны басшымен талқылаңыз - демалыссыз сіз өз міндеттеріңізді тиімді орындай алмайсыз.

Сондай-ақ, жеке және кәсіби өмір арасындағы шекараны түсінуге тырысыңыз. Жұмысқа бара жатқанда, сіздің жұмысыңыз белгілі бір тапсырмаларды орындайтын өмірдің бір бөлігі ғана екенін еске түсіріңіз. Жұмыстан шыққан кезде барлық мәселелерді орнында қалдырыңыз және олардың сіздің көңіл-күйіңіз бен рухани жағдайыңызға әсер етуіне жол бермеңіз.

Жұмыста зорықпас үшін келесі ұсыныстарды орындау керек:

1. Шешілмеген сұрақтарды жұмыста қалдырыңыз:жұмыс күнінің соңында оларды шешуге жеке уақыт жұмсамау үшін жұмыс мәселелерін жұмыстан кейін ойламаңыз.

2. Қажетсіз бәсекелестік пен қақтығыстардан аулақ болыңыз: қажетсіз қайшылықтардан аулақ бола отырып, үйлесімді жұмыс ортасын құрыңыз.

3. Жұмыс пен жеке өмір арасына шекара қойыңыз: жұмыста кәсіби шебер болыңыз, бірақ жұмыстағы сұрақтардың сіздің отбасыңыздың атмосферасына әсер  
етуіне жол бермеңіз.

4. Күнді жоспарлаңыз: басымдықтарды белгілеңізжәне өзіңізді шамадан тыс жүктемеңіз. Бұл зорықпауғажәне өнімділікті сақтауға көмектеседі.

5. Күнді талдаңыз: болған оқиғаны жақсы түсіну және пайымдау үшін кешке оқиғаларды ойша қайта қарап әдеттеніңіз.

6. Өзіңізді тыңдаңыз: жай-күйіңізге мұқият болыңыз және шаршаудың алғашқы белгілерін байқаңыз.

7. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз: өзіңізді жақсы көріңіз және жеке өміріңізге уақыт бөліңіз.

8. Жеке әдеттер туралы ұмытпаңыз: күн сайын таңертең жаттығу немесе медитация жасаңыз, бір стақан су ішіңіз және ұйықтар алдында бір сағат оқуға уақыт бөліңіз. Бұл сізді қуаттандыруға және стрестен арылуға көмектеседі.

9. Музыка тыңдаңыз: көңіл-күйді жақсарту және стресс деңгейін төмендету үшін сүйікті музыкаңызды қосыңыз. Мұны үй тазалау кезінде немесе жұмысқа бара жатқанда жасауға болады.

10. Шығармашылықпен айналысыңыз: жағымды эмоциялар алу және демалу үшін өзіңізге ұнайтын хобби табыңыз.

Есіңізде болсын, ұжымдағы психологиялық климат қызметкерлердің денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Әр адам оны құруға және қолдауға өз үлесін қосады. Алайда, эмоционалды тұрақты адам ғана жұмыста шынымен қолайлы атмосфераның қалыптасуына ықпал ете алады.

Сондықтан, қымбатты достар, Мен сізге бірінші кезекте эмоционалды және психикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасауды тілеймін. Бұл -өмірдегі әл-ауқат пен тұрақтылықтың кепілі.

Машанова Шамшырақ Қуанышқызы  
Психиатр-дәрігер

Жүктелуде...