Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Бұған дейін, Ұлытау облысының әкімі қызметін Берік Әбдіғалиұлы атқарған еді

Фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысына Дастан Рыспеков басшы болып келді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ол 1984 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика департаменті кірістерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейіннен Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.

Айта кетелік, бұған дейін, Ұлытау облысының әкімі қызметін Берік Әбдіғалиұлы атқарған еді.

 

 

Жүктелуде...