"Атыс болған": Алматыдағы "Мята" лаунж-барда төбелес орын алыпты

Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: Tengrinews

Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Деректерге сүйенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді. 

Куәгерлердің айтуынша, төбелес орын алып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетелік оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.

Жүктелуде...