Ауғанстан әйелдерге қатысты кезекті қатаң заң енгізіпті

Саусақтары көрінетін киім кисе таяқтың астына алу керегі жазылған

Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада әйелдердің бостандығын айтарлықтай шектейтін жаңа ережелерді бекітті. Шешім 21 тамыз күні қабылданды. Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуроодақ өкілдері Ауғанстанда қабылданған заңды сынға алды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа ережелер жайында біраз ақпаратпен бөліссек.

Атап айтқанда, әйелдер үйде ғана жұмыс істеуі тиіс. “Махрамы” жоқ әйелдің үйден аттап басып шығуына болмайды. Махрам деген әйелдің жақын туыстары. Яғни әйел адам жалғыз өзі жақын туысынсыз сыртқа шыға алмайды.

Қатаң ережеде қыз баласының білімі жайлы заң бар. Оларға мектеп немесе университетте білім алуына тыйым салынған. Олар саусақтары көрінетін киім кисе, таяқтың астына алу керегі жазылған.  

Сондай-ақ  нәзік жандылар тек қана әйелге арналған автобуспен жүруі тиіс, ер адаммен қатар бір көлікте отыруына болмайды.

Айта кетелік, бұрымдылар күйеуіне тіке қарауға болмайды және күйеуі не айтса, соны орындауға міндетті. Егер әйел күйеуінің көзіне шөп салған жағдайда оны таспен атып өлтіру жазасы бар.

Жүктелуде...