Павлодарлық кәсіпкерлер 12 жасында босанған қызға үй сыйлап, сәбиіне есім берді

Қайырымдылыққа облыстық мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбай мен оның кәсіпкер достары бар бастамашы болды

Фото: Stan.kz

Павлодарда 12 жасында сәбиін дүниеге әкелген оқушы ата-анасымен бірге тұратын болды. Бірақ қыздың отбасы басқа жерге қоныс аударды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

“Отбасы басқа елді мекенге көшеді. Кәсіпкер-меценаттар және Моңғолиядан келген қандастар отбасына баспана сыйлады. Олар отбасы мүшелері Қазақстан азаматтығын алғанша қарасуға ниет білдірді", – дейді балалар құқықтары жөніндегі аймақтық омбудсмен Сәуле Шәкенева. 

Қайырымдылыққа облыстық мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбай мен оның кәсіпкер достары бар бастамашы болды. Олар жаңа туған нәрестеге Томирис деген есім берді.

20 шілде күні босанған жас ана перинаталдық орталықта жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Анасы нәрестені бөтелкемен тамақтандырып жүр. 

Сондай-ақ 12 жастағы оқушы қыркүйектен бастап мектепке барып, оқуын жалғастырады. Ал перинаталдық орталықтан шыққан соң ата-анасымен бірге тұрады. Алайда қыздың отбасы осы уақытқа дейін тұрып келе жатқан ауылдан басқа жерге қоныс аударады. Жергілікті депутат отбасыға баспана сыйлады. Олардың тұрғылықты жері бойынша балалар дәрігері патронаж жасайды. Ал мектеп оқушысының психологиялық жағдайын мамандар жіті бақылауына алды.

Отбасының жаңа туған сәбиді бөбектер үйіне өткізуіне болар еді. Алайда олар баланы өздері қарап, асырайтынын айтып, бұл ұсыныстан бас тартты. Омбудсмен бұл отбасы жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың және жеке өзінің бақылауында болатынын айтты.

Жүктелуде...