Түркістан: “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық кеңестер берілді

«AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес беру мақсатында  және азаматтардың арыз-өтініштері бойынша халыққа тегін құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласының нотариус қызметкері Туктибаева Алия Ораловна, адвокат Алхожаева Алия және заңгер Искаков Шерали қалалық филиал ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.

 Заңгерлік кеңес беруге арналған қабылдауда қала тұрғындары тарапынан алимент өндіру және алаяқтық жайында туындаған қиындықтар бойынша сұрақтар болды. 

 Тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық кеңестер берілді.

Жүктелуде...