Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болыпты

Бірақ әзірге Димаштың атындағы стадионның көлемі, сыйымдылығы туралы ақпарат жоқ

Фото: instagram/ dimash. kudaibergenov

Үкіметтің қаулысымен Ақтөбе қаласының бас жоспары жаңа редакциясы дайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz

Қалада бірнеше нысан пайда болатыны көрсетілген, соның ішінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Димаш Арена», шетелдік туристерді қызықтыратын этномәдени саябақ, фольклор ауылы, «Астана Арена» сияқты олимпиадалық стадион, тағы басқа бар. Бірақ әзірге Димаштың атындағы стадионның көлемі, сыйымдылығы туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бөлек қала тұрғындарының қозғалысын жеңілдету үшін жеңілрельсті транспорт желісі салынатыны да айтылған.

Жүктелуде...